Адам бостандығын кеңейтудің елеулі қадамы жасалды
Адам бостандығын кеңейтудің елеулі қадамы жасалды
4 жыл бұрын 2136 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбек парламенті «Өзбекстан республикасының азаматтығы туралы» Өзбекстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдап тастады. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң азаматтығы жоқ тұлғаларды Өзбекстан Республикасының азаматы ретінде тану процедурасын жеңілдетеді. Нақтырақ әрі тарқатыңқырап айтқанда, азаматтығы жоқ тұлғаны ел аумағында 15 жыл бойы тұрса, Өзбекстан азаматы ретінде танитын  болады. Сондай-ақ, ата-анасы азаматтық алған балаларды автоматты түрде Өзбекстан азаматы ретінде танитын болады. Бұдан бөлек, Өзбекстан аумағында туған, алайда, азаматтығы жоқ тұлғалардың ел аумағында тұрғанына бес жыл өтпесе де азаматтық алуына құқықтық негіз қаланған.

0 пікір
Мұрағат