Адам 850 мың вирусқа дейін жұқтыра алады
Адам 850 мың вирусқа дейін жұқтыра алады
4 жыл бұрын 2423 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Биологиялық әр алуандылық және экологиялық жүйе бойынша қызмет көрсету жөніндегі үкіметаралық ғылыми-саяси платформасының ғалымдары экологиялық жүйенің адамға төндіретін қауіп-қатерін бағалады әрі атады. Ғалымдардың айтуынша, адам белгілісі бар, белгізісі бар 540 мыңнан бастап 850 мың вирусқа дейін жұқтыра алады екен. Бұл жайында islam.kz порталы zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аурулар және экология жөніндегі мамандар вирустардың адамға тигізуі мүмкін қауіпті әсері туралы айтылған баяндама әзірлеген болатын. EcoHealth альянсының жетекшісі Питер Дашактың сөзіне қарағанда, COVID-19 пандемиясының әкетіп бара жатқан құпиясы жоқ. Негізінен қоршаған орта емес, адам өз-өзіне істеп отыр. Адамзаттың ашкөздігі, ынсапсыздығы, ұқыпсыздығы, жауапкершіліктен жалтаруы секілді жат әдеттер жетегінде жүріп жіберген өрескел қателіктің салдары мен зардабын тартып отыр.  Жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне ұрындырған адамзаттың ойсыз әрекеті биологиялық әр алуандылықтың жойылуына апарып соқтырмақ. Қажеттіліктен тыс, бас артық өндіріс пен тұтынудың арты пандемияға алып келді. Күллі әлемді шарпыған бұл тығырықтан шығу үшін мемлекет басшылары мен корпорацияларды экономикалық стратегиясын қайта қарауға шақырып отыр. жабайы табиғатты қорғауға жылына 31-45 млрд фунт (17,3 - 25,2 трлн теңге) қаражат қажет. Әлбетте, бұл үлкен қаражат болып көрінуі мүмкін, алайда, осы уақытқа дейін жұқпалы індет пандемиясымен күреске 12 трлн стерлинг қаражат кетіп қалғанын ескерсек, жабайы табиғатты қорғауға бөлінетін қаржы, біріншіден, өз-өзін ақтайды, екіншіден, келесі пандемиямен күреске кететін шығынға жол бермейді. COVID-19 пандемиясы тұтынушылықтың кесірінен орман-тоғайды отау мен тамақтану әдеті арқылы адамның биологиялық әр алуандылыққа тигізген әсерінің антропогендік проблемасы ретінде алға шығып отыр. 

Адамзат алдағы уақытта мұндай орны толуы нейғайбыл, қатерлі қателікке жол бермеуі тиіс!

0 пікір
Мұрағат