Әбу-Даби «тәуелсіз» байлығы бойынша әлемде көш бастады
Әбу-Даби «тәуелсіз» байлығы бойынша әлемде көш бастады
3 ай бұрын 1215 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Дабидің тәуелсіз әл-ауқат қорларының (SWFs) басқаруындағы активтері 1,67 триллион долларға жетті. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы саланы  зеррттейтін Global SWF ұйымының зерттеу нәтижесіне сәйкес Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы бұл көрсеткіш бойынша Сингапур мен Ослоны (Норвегия) басып озып, әлемдік көшбасшыға айналды. БАӘ астанасында Әбу-Даби инвестициялық басқармасы, Mubadala инвестициялық компаниясы және ADQ инвестициялық холдингі сияқты ірі тәуелсіз қорлардың штаб-пәтері орналасқан. Бұл есепте, сондай-ақ, Әбу-Даби даму қорының, Табазунның (соның ішінде Edge) және Әмірліктердің инвестициялық агенттігінің активтері қамтылған. Аталмыш рейтингте екінші орынды мемлекеттік зейнетақы қоры бар Норвегияның астанасы иеленді, оның капиталы 1,66 триллион долларға дейін өсті. Жетекші қалалар тізіміне Бейжің және Қытай инвестициялық корпорациясы (1,3 трлн доллар), Сингапур және GIC Private және Temasek Holdings (1,13 трлн доллар), Ер-Рияд және PIF (1,11 трлн доллар), сондай-ақ, Гонконг (АҚШ) кірді - 1,1 трлн доллар. Жалпы алғанда, күллі әлем бойынша ұлттық әл-ауқат қорлары 12,5 триллион долларды құрайтын активтерді басқарады, оның үштен екісі алты ірі қалаға тиесілі. Осы жылдың алғашқы жарты жылдығында Сауд Арабиясы, БАӘ және Катар қорлары егеменді инвестиция көлемі бойынша әлемде көш бастады. Осылайша, PIF, Mubadala, Adia, ADQ және Катардың мемлекеттік инвестициялық бөлімшесі Qatar Investment Authority инвестициялары 38,2 миллиард долларға жетіп, дүниежүзіндегі тәуелсіз инвестициялардың жалпы мөлшерінің жартысынан астамын құрайды. Бұл тарапта 58 мәміле жасалған. Әбу-Даби үкіметінің атынан жұмыс істейтін Adia акцияларды, жылжымайтын мүліктерді және жеке компанияларды қоса алғанда, активтердің әр түріне тікелей және жанама түрде инвестиция құйған. Оның активтері 993 миллиард долларға бағаланады. Өз кезегінде 302,2 миллиард доллардан аса активтері бар Mubadala аэроғарыш өнеркәсібіне, жартылай өткізгіштер өндірісіне, металдар мен тау-кен өнеркәсібіне, жаңғыртпалы энергия көздеріне, мұнай мен газға, сондай-ақ, мұнай-химия мен фармацевтикаға инвестиция құяды. 2018 жылы құрылған ADQ компаниясы 225 миллиард долларды құрайтын активтерге ие және Әбу-Даби экономикасының маңызды секторларын қоса алғанда жеті экономикалық кластер бойынша 25-тен астам портфелдік компаниялардың акцияларына ие. SWF Global есебіне сәйкес, орталық банктер, зейнетақы қорлары және отбасылық кеңселер басқаратын активтерді қоса алғанда Әбу-Дабидің мемлекеттік капиталы 2030 жылға қарай 2,3 триллион доллардан 3,4 триллион долларға дейін өспек.

0 пікір
Мұрағат