|
Әбу-Даби өз аумағының 20%-ын табиғи қорыққа айналдырады
|
Біріккен Араб Әмірлігінің президенті, ұлы мәртебелі шейх Мұхаммед бен Зайыт әл Нақиян Әбу-Даби аумағының 20%-ын табиғи қорыққа айналдыруға пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әбу-Дабидің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі келтірген дерекке қарағанда, Жаңадан ашылатын табиғи аймақтар шамамен 4,6 мың шаршы шақырымды алады. олар кеңейтілгеннен кейін жалпы ауданы 22,8 мың шаршы шақырымнан асатын 26 құрлықтық және теңіз қорықтарын біріктіретін шейх Зайыттың мемлекет тарапынан арнайы қорғалатын аумақтары желісіне қосылатын болады. Бірегей жоба аясында үш жаңа құрлық аймағы - әл-Уатба тас шоқыларының, Лива жерасты суларының және гафаның табиғи бұталарының резерваттары, сондай-ақ, екі теңіз аймағы - Әбу-әл-Әбияд және Сир-Бани-Яс, сондай-ақ, Шөл аралдары құрылуда. Бұдан басқа, Рас-Ганада теңіз қорығы кеңейтіледі. БАӘ билігінің бұл қадамы климат дағдарысы кезінде маңызы зор шараның жүзеге асуына ықпал етпек: тұмса табиғатты көздің қарашығындай сақтау әрі жергілікті экологияны жақсарту. Соның ішінде биологиялық әр алуандылықты сақтауға назар аударылады.