95 жастағы қытайлық 46 жыл бойы төсекке таңылған ұлын күтіп келеді (фото)
95 жастағы қытайлық 46 жыл бойы төсекке таңылған ұлын күтіп келеді (фото)
8 жыл бұрын 2558 Stan.kz

Цзянсу провинциясының Ляньюрьган қаласында тұратын 95 жастағы қытайлық Сюй Десун 46 жылдан бері мүгедек болып қалған ұлын емдеп күтіп келе жатыр. Оның әкелік махаббатына тек тамсануға болады.

65 жастағы Сюй Баоинь үш ұлдың үлкені. 17 жасында омыртқадан алған жарақатынан кейін ол мүгедек болып жүре алмай қалған.

staryj-kitaec-4-7

Десун ұлын Шанхайдағы көптеген дәрігерлерге көрсеткеніне қарамастан, ешкім көмектесе алмаған.

staryj-kitaec-4-6

Қарт кісі ұлының төсегін өзі тазалап, емдейді. Біраз уақыт бойы әкесі әйелі екеуі ұлына қамқор болып келген еді. Алайда келіншегі қайтыс болғаннан бері әкесі өзі жалғыз қарап келе жатыр.

staryj-kitaec-4-3

Сюй Десун соңғы 20 жыл бойы тек 3 мың юань зейнетақыға өмір сүріп келе жатыр. Ол базарға барып, киімдері қолмен жуып және күніне үш рет тамақ дайындайды. Десунның кіші ұлының өз отбасы бар. Ол денсаулығына байланысты әкесіне көмектесе алмайды.

staryj-kitaec-4-4-1

Десун күн сайын баласына массаж жасайды.

staryj-kitaec-4-2

95 жастағы Сюй Десун өзі өлген соң ұлына кім қарайды деп уайымдайды.

0 пікір
Мұрағат