90 жыл бұрын жоғалған кеме су бетіне қалқып шықты
90 жыл бұрын жоғалған кеме су бетіне қалқып шықты
10 жыл бұрын 7531

1926 жылдың желтоқсан айында із-түссіз жоғалдыға саналған америкалық SS Cotopaxi сауда кемесі әйгілі Бермуд үш бұрышынан табылды. Бұл жайында ғылыми жаңалықтар тарататын Segnidalcielo порталы хабарлады. Үстіміздегі жылдың мамыр айының 16-ы күні Кубаның жағалау күзеті қызметінің адамдары Гавананың батыс жағынан байқаған екен. Радио сигналға жауап бермеген кемеге аттанған патрулды катер онда экипаждың жоғына көз жеткізген. Олар өткен ғасырдың 20-шы жылдары кеме капитаны болған Мейердің күнделігін тауып алады. Сол күнделіктен бұл кеменің  Clinchfield Navigation Company компаниясына тиесілі екенін анықтайды. Алайда, күнделікте кеменің қандай себеппен суға батқаны жазылмаған. Экипаж мүшелерінен де із қалмаған. 1926 жылдың қараша айының 29-ы күні көмір тиелген SS Cotopaxi кемесі Оңтүстік Каролина штатына қарасты Чарльстон айлағынан Гаванаға бет алған. Сол жылдың желтоқсан айының 1-і күні Кариб теңізінде кемеден апатты жағдайға тап болғаны турасында сигнал келіп түседі. Капитан Мейер кеме корпусының тесіліп, трюмге су кеткені жөнінде радиохабарлама жіберген. Содан соң байланыс үзіліп қалған болатын. Кеме мен экипажды іздестіру жұмыстары нәтижесіз аяқталған болатын. Желтоқсан айының 31-і күні кеме хабар-ошарсыз жоғалғаны ресми мойындалды. «Бермуд үш бұрышы» деп Атлант мұхитының Бермуд, Пуэрто-Рико және Флорида аралдарымен шектесіп жатқан аумақты атайды. Бермуд үшбұрышында 100-ден аса кеме мен ұшақ белгісіз жағдайда ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын.

2 пікір
Мұрағат