|
9 жастағы қыз «жыл кәсіпкері» атағына ие болды (ФОТО)
|
Зимал есімді тоғыз жастағы пәкістандық қыз Сауд Арабиясының астанасында "PioneerAward/Ecopreneur» аталымы бойынша ханзада Әбдіәзіздың қолынан марапатқа ие болды. Саргода қаласының тумасы Зимал осылайша ең жас кәсіпкер ретінде сый-сияпатқа ие болды. Бұған қоса, федералды Білім беру министрлігі тарапынан алтын медалды кеудесіне тақты. Зимал мұндай жетістікке қалай қол жеткізді? Ол қағаздан пакет жасап, оның әрбіреуін 70 рупиден сатып, түскен табысты жергілікті жетімдерге үлестіріп береді. Кейде тұтынушылар оның қайырымды ісіне үлес қосып, пакетті үстеме бағамен сатып алып жатады. Болашақта кәсіпкер қыз экологиялық жобаларменм айналысуды жоспарлап отыр.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды