9 ай ішінде 1 млн ауған босқыны еліне оралды
|
Соңғы 9 айда Ауғанстанға шетелге ауып кеткен ауған босқындарынан 1 млн-нан аса адам қайтып оралды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде TOLO News телеарнасына жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Билік басындағы тәліптер қозғалысы жасақтаған ауған үкіметінің босқындар ісі жөніндегі министрліктің ресми өкілі Абдулла Муталиб Хаққанның айтуынша, ауған босқындарының отанына өз еркімен және өзге елдердің мәжбүрлеуімен оралғанын мәлімдеді. Осы тоғыз айда көрші Пәкістаннан 93 мың адам еліне оралған, ал Түркиядан келгендері – 17 мыңдай болады. Өзгесі Ираннан қайтып оралған. Осы орайда бұрын Халықаралық көші-қон ұйымының 2024 жылы 1,2 млн ауған босқынының еліне қайтып оралғаны турасында дерек келтіргенін айта кетпекпіз.