834 бала із-түссіз жоғалды
|
Түркия билігі соңғы бес жылдың ішінде ұшты-күйлі жоғалған балалар санының артқанына алаңдап, із-түссіз кеткен жеткіншектерді іздейтін полиция мен әскери жандармерия өкілдерінен құралған арнайы топ жасақтады.
Аталмыш елде соңғы бес жылдың ішінде балалардың жоғалуына байланысты 14412 оқиға тіркелгенін. Осы аралықта олардың 97 пайызы табылғанымен 834 жеткіншектің тағдырынан әлі күнге дейін хабар-ошарсыз күйде. Яғни, із-түссіз кеткендердің санатында.
Әскери жандармерияның жетекшісі Сервет Ерюк жүрек сыздатып, көңілге қаяу түсіретін осынау мәселеге байланысты өткен жиналыста: «Әскери жандармерия тәртіпті қадағалайтын облыстардың өзінде жыл сайын шамамен 7 бала жоғалады. Олардың тек алтауының ғана табылатыны жанымызға батады»,- деп, жантүршігерлік дерек келтірді. Жиын соңында мұндай келеңсіз құбылысты болдырмаудың, бала ұрлығының алдын алудың жолдары қарастырылды.