80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат берілмек
80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат берілмек
4 жыл бұрын 2666 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өмір сүру ұзақтығы бойынша алдыңғы орынға шыққан әрі қартаю процесіне байланысты жұмысшы қолы жетіспейтін күншығыс еліндегі компаниялар маман тапшылығын азаматтардың еңбекке жарамдылық мерзімін ұзарту арқылы шешкісі келеді. Сонымен қатар, бұл шара өз кезегінде тәжірибесі мол мамандардың тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Оның үстіне, қарттар қарасы халықтың төрттен бір бөлігіне жетіп қалған ел үшін ең оңтайлы шешім әзірге осы болып тұр. Бұл жайында әйгілі Bloomberg ақпарат көзі мәлім етті. 

Электроникалық сауда желісін басқаратын жапониялық "Nojima" корпорациясы қызметкерлерге 80 жасқа дейін жұмыс істеуге рұқсат бермек. Алайда, 80 жасқа дейін жұмыс істеуге ниет білдіргендер ғана осындай мүмкіндік алады. 65 жастан кейін жұмыста қалуға шешім қабылдағандарға еңбек шартын жыл сайын ұзарту ұсынылады. Иокогамадағы компанияның дүкендердегі сатушыларды қоса алғанда, 3000 қызметкерінің барлығында еңбек шартын ұзарту құқығы бар.

Естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған "Қартайған халықтың бас қайғысы" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qartaigan-halyqtyn-bas-qaigysy-11490/#gsc.tab=0) атты материалымызда жылдан жылға қартардың күтімі үшін шығыны артып келе жатқаны әрі бұл мемлекет қазынасына салмақ салатынын айтып өткенбіз. 

0 пікір
Мұрағат