7 трлн-мен алда, 7 трлн-ға кем Қытай экономикасының табыс құпиясы
7 трлн-мен алда, 7 трлн-ға кем Қытай экономикасының табыс құпиясы
7 жыл бұрын 4908 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен – 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қытай экономикасы әлемде екінші орынға көтерілді. Бұл жайында Қытай халық республикасының экономикалық даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитеттің жетекшісі Хэ Лифэн мәлім етті. Жоғары лауазымдының сөзіне қарағанда, өткен жылы Қытайдың жалпы ішкі өнімі 82,7 трлн юанға жеткен. Яғни, өткен жылдың қаңтар айының 31-і күнгі айырбас бағамына шаққанда - 12,2 трлн доллар. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш бойынша Қытай экономикасы АҚШ-тан 7 трлн-ға кем түскен, ал үшінші орынға табан тіреген Жапониядан 7 трлн доллар алда келеді. Осылай дей келе өткен жылы жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққанда 900 долларға көтерілгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол Қытай экономикасының табыс құпиясының негізі неде жатқанын да жасырмады: Қытай экономикасының өсімі тұтыну есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

0 пікір
Мұрағат