7-лік құрамындағы жалғыз ел ЛГТБ құқығын кеңейтуден бас тартты
7-лік құрамындағы жалғыз ел ЛГТБ құқығын кеңейтуден бас тартты
3 жыл бұрын 3151 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон соты бір жыныстылар некесіне салынған тыйымды конституцияға қайшы емес деп есептейді. Күншығыс елі осылайша ЛГТБ-қауымдастығының құқығын кеңейтуден бас тартып, азғындықтың етек алуына тосқауыл қойғандай болды. Бұл жайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шілде айының 20-ы күні Осаканың округтық соты бір жыныстылардың некесін мойындамау олардың конституциялық құқығын бұзды деп, бір жынысты үш жұптың биліктен адам басына 1 миллион иен (шамамен 7 400 доллар) талап еткен талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша сот үкіметтің пайдасына шешім шығарып, конституциядағы неке анықтамасы бір жыныстылар арасындағы қатынасқа қолданылмайтынын алға тартты. Жапония бір жыныстылар некесін ұлттқ деңгейде, яғни, ресми мойындамайтын «Үлкен жетіліктің» құрамындағы жалғыз мемлекет. Дегенмен, елдің кейбір аймағында бір жынысты жұптарға мүлікті жалға алуға және ауруханадағы серігінің халі сұрап баруға рұқсат беру сияқты белгілі бір құқықтарды ұсынатын «серіктестік сертификаттары» беріледі.

Ұқсас материалдар: 

"Араб елі жат «құндылықпен» күресті күшейтеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-eli-jat-qundylyqpen-kuresti-kusheitedi-16964/#gsc.tab=0);

«ЛГТБ насихатына қарсы күрес күшейтіледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/lgtb-nasihatyna-qarsy-kures-kusheitiledi-16916/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат