6400 қызметкерін саяхат жасатқан миллиардер
6400 қызметкерін саяхат жасатқан миллиардер
10 жыл бұрын 4818

57 жастағы қытай миллиардері Ли Цзиньюань 6400 қызметкерін өз есебінен Париж бен Көк теңіз жағалауына қыдыртты. Яғни, компаниясындағы қызметкерлерінің жартысынан көбісін өз қалтасынан қаржы шығарып, шетелде демалуына жағдай жасады. Бұл жайында британиялық Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты.

Франция астанасында 140 қонақ үйдің нөмірін жалға алды. Бұған қоса, әлемге әйгілі Лувр мұражайы оның қызметкерлеріне ғана қызмет көрсетіп, өзгелерге есіігін ашқан жоқ.

Миллиардер қызметкерлері үшін 147 автобусқа тапсырыс бергенін де айта кету керек.

Францияға келген қытайлардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп, Гиннес рекордтар кітабына енді. 

Төрт күнге созылған саяхат миллиардер компаниясының 20 жылдығына арналған болатын. 2011 жылы 4,6 млрд долларды айналымға түсірген "Тяньши" трансұлттық корпорацияның таза табысы бір жарым млрд долларды құраған еді. Әлемдегі дәулеттілердің қаржысын шотқа салып, есебін жариялап отыратын Forbes басылымының мәліметінше Ли Цзиньюаннің байлығы шамамен 1 млрд долларға бағаланған. 

Жомарт миллиардер қызметкерлерін қыдырту үшін қанша қаржы шығарғаны белгісіз. Кей дерекке қарағанда 33 млн еуродай  қаржысын жұмсаған осы саяхатқа.

0 пікір
Мұрағат