63 жастағы шопан университет студенті атанды
63 жастағы шопан университет студенті атанды
9 жыл бұрын 2450 islam.ru/

Түркияның Елиазық қаласының 63 жастағы Зеки Гюр «Фырат» университетінің студенті атанды. Нақтырақ айтқанда, ол қазіргі уақытта аталған жоғарғы оқу орнының жаратылыстану ғылымы факултетінде физиканы оқып жатыр. Зеки Гюр мектеп қабырғасын бітіріп шыққан соң, яғни, кезінде ел қатарлы университетке түсіп, студент атанған еді. Алайда, тұрмыс таршылығынан оқуын жалғастыра алмай, орта жолдан үзуге мәжбүр болған еді. Жуырда жоғарғы оқу орнының амнистициясынан өткен ол құжаттарын қайта қалпына келтіруге өткізген болатын. Қазір ол жаратылыстану факултетінің екінші курс студенті. Оның отбасы, есейген төрт ұлы бар. Қой бағуды да тастаған емес, бос қалт еткенде кітапқа үңіледі. Яғни, оқуы мен жұмысын қатар алып жүр. Оның білімге ұмтылысын зайыбы да қолдайды. Зекидің өзі: «Мен кітаптарымды қойларымнан кем көрмей жақсы көремін»,- деп тіл қатар еді.

0 пікір
Мұрағат