57 компания планетадағы атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының 80%-н шығарады
57 компания планетадағы атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының 80%-н шығарады
9 ай бұрын 746 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Carbon Majors» жобасының дерегіше, күллі әлемді көмірқышқыл газынан ада етуге мемлекеттер де, жеке бизнес те кедергі келтіруде. 57 компания жаһан бойынша атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының 80% үлесіне ие. Яғни, дүниежүзіндегі атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының осынша мөлшері 57 компанияғ тиесілі. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал сала бойынша келсек, атмосфераны ластаудағы бизнестің үлесі - 25 %; 37% - мемлекеттік кәсіпорындарға тиесілі, ал 38%-ы – әр елдің ішінде адамдардың әрекетінен бөлінеді. Ауаны ластауда Азия көш бастап тұр - 87%. Еуропада бұл көрсеткіш - 57%, Солтүстік Америкада 43%-ды құрайды. Көмірқышқыл газының негізгі көзі - көмірді жағу соңғы жеті жылда 8%-ға өсті. Қазір бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жеткен – жылына 8,4 миллиард тонна. Бұл көрсеткіштің алғашқы үштігіне үнділік Coal India компаниясы, ресейлік Газпром және Сауд Арабиясының Saudi Aramco компаниялары кіреді. Жер шарындағы барлық көмірқышқыл газының 1,4%-ын бөлетін Америка құрама штаттарында бұл көрсеткіш бойынша Exxon Mobil компаниясы көш бастап тұр.

0 пікір
Мұрағат