56 жылда қажылардың жалпы саны 100 млн-нан асты
56 жылда қажылардың жалпы саны 100 млн-нан асты
6 ай бұрын 1264 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биылғы (хижра жыл санауы бойынша 1445 жыл) қажылық маусымы статистика бюросы 1968 жылдың басында қажылық есебін жүргізе бастағаннан бері қажылық тарихындағы ең үлкен 34-ші маусым болды. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Al-Arabiya ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл бағыттағы мәліметке сәйкес 56 жыл ішінде қажылық жасағандардың жалпы саны 100 миллионнан асқан. Ұмраны (кіші қажылық) өтеген адамдарды қоса алғанда. Қажылар қарасы алғаш рет Григоиан күнтізбесі бойынша 1968 жылы бір миллионнан асып, 1 079 760 адамды құрады. 1974 жылы қажылардың саны алғаш рет 2 миллионнан асып, 2 079 689-ға жетті. 2012 жылы қажылыққа барушылардың саны алғаш рет 3 миллионнан асты. Биыл 3 161 573 қажы тіркелді, бұл - рекордтық көрсеткіш. COVID-19 пандемиясы кезінде қасиетті сапарға аттанғандар саны көп ортайып қалды: 2020 жылы қажылардың саны небәрі 10 мың болса, 2021 жылы – 58 мың, ал 2022 жылы бесінші парызын өтегендер саны 926 062 адамға өсті. Пандемиядан кейін олардың саны қайтадан өсе бастады және өткен жылы (1444 хижра) қажылыққа барушылардың саны 1 845 045 болды, бұл көрсеткіш биылғыдан сәл көп.

0 пікір
Мұрағат