500 млн тонна қоры бар мыс кені табылды
500 млн тонна қоры бар мыс кені табылды
4 жыл бұрын 10313 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда белгілі болғандай, Иранның оңтүстік-шығысында, дәлірегі, Систан-Белужстан провинциясы аумағында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары өз нәтижесін беріп, 500 млн тонна қоры бар мыс кені табылды. Аталған провинцияның өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда-саттық департаментінің жетекшісі Дәуіт Шаһрактың айтуынша, бұл кен орны Ирандағы мыс қоры бойынша екінші орынды тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Tehran Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың маусым айының бас кезінде Парсы елінің өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда-саттық министрі Дәруіш Ысмаил мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі инвестицияны сақтандыру жөніндегі корпорация(MIIC) тарапынан пайдалы қазба орындарын барлау жобаларын қолдауға 30 триллион риал (714,2 миллион доллардан аса) қаражат бөлінетінін мәлімдеген болатын.

0 пікір
Мұрағат