50 сағат бойы эфир жүргізген радиотілші
|
Палестиналық радиожурналист Талат Алави жалғыз өзі 50 сағаттық марафонды жүргізген. Бұл дегеніміз 50 сағат бойы тоқтамай сөйлей деген сөз. Алави дүйсенбі 13:00-де бастаған эфирін шыққаннан сәрсенбі күні 14:00-де бірақ аяқтаған. Бұл ақпаратты "Рая ФМ" радиостанциясы таратты.
Эфир барысында Талат оншақты адаммен сұқбаттасып үлгеріпті. Олардың ішінде: қарапайым қызметкер, кәсіпкер, Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас және премьер министр Рами Хамдалла да бар. Олар сұқбат арасында саясат, экология және Палестина мен Израиль арасындағы қатынасты талқылаған.
Осы 50 сағат ішінде Талат 18 мұқтаж мүгедек палестиндікке мүгедектер арбасын тегін беру туралы уәдесін алып қалыпты. Сондай-ақ, екі үйдің жөндеу жұмыстары мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы және Газа секторындағы шағын бизнестің 12 жобасына инвестиция тарту мәселесін де осы 50 сағаттық эфир үстінде шешіп үлгеріпті.