|
5 жылда Сирия экономикасы қанша шығынға батты? (видео)
|
Қарулы қақтығыстар басталғалы Сирия экономикасы құлдырап кетті. Осы елдің саяси зерттеулер институтының сарапшылары: «5 жылда мемлекетке 255 млрд доллар шығын келген», – дейді. Бұл туралы БиБиСи радиосы хабарлады. Халықтың 50 пайызы жұмыссыз, ал 70 пайыздан астамы кедейшілікте, тойып тамақ та жемейді. Ел қазынасының басты табыс көзі болған ауыл шаруышылығының жайы мүшкіл, денсаулық сақтау саласында қиындық көп дәрігерлер жетіспейді. Халықаралық «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының мәлімдеуінше, 2011 мен 2015 жылдар аралығында медициналық орталықтарға 336 рет әуеден соққы жасалған. 240 аурухана талқандалып, 697 медицина қызметкері көз жұмған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді