435 келі тартатын мексикалық тұрғынды 7 адам әзер көтерді
435 келі тартатын мексикалық тұрғынды 7 адам әзер көтерді
9 жыл бұрын 3321 Baq.kz

Мексикалық Андрэ Морено семіздік дертіне шалдыққан. Оның салмағы бүгінде 435 келіні құрайды. Науқасты ауруханаға жеткізу үшін оны жедел жәрдем көлігіне 7 адам әрең көтеріп мінгізген деп хабарлайды The Daily Mail.

37 жастағы ер азамат асқазанының 70 пайызын алдыртып тастауға келісіп отыр. Мұндай әдіс қауіпті болғанымен, Батыс елдерінде жиі қолданыла бастаған. Осылайша дәрігерлер науқастар тағамды аз қабылдап, өздігімен ондаған келіні жоғалтады дегенді айтады.
Дәрігерлер сондай-ақ, бұрын-соңды мұндай салмақты адамға ота жасап көрмегендігін де айтып отыр. Сондықтан, аталған операция Мореноның өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін. Тіпті, Морено секілді ірі денелі адамдарға арналған операция столы да жоқ екен. Сондықтан, операция біраз қиындықтар туғызатыны сөзсіз.

Мексикалық азамат 5,8 келі болып туылған. Ал, 10 жасқа келгенде оның салмағы 120 келіге дейін жетіпті. Өмір бойы төсек тартып келген Морено басын тәуекелге тікпеске амалы жоқ, ол өмірін күрт өзгертіп, өзге адамдар секілді қалыпты жағдайда өмір сүргісі келеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Мексикада семіздікке шалдыққандардың басым көпшілігі жастар. Олардың бестен төрті осы дерттің құрбаны болса, тек біреуі ғана жазылып жатады екен. Семіздіктің басты себебі бұл елде де - фастфуд.

0 пікір
Мұрағат