40 жыл құрсақта жатқан...
40 жыл құрсақта жатқан...
10 жыл бұрын 4953

Үнді дәрігерлері Мадхья-Прадеш штатының 62 жастағы тұрғыны Джиоти Құмардың құрсағын жарып, осыдан 36 жыл бұрын шетінеп кеткен шарананың қаңқасын алып тастады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ең ұзақ «жүктілік» болып тарихта қалмақ. Мұндай «жүктіліктің» бұрынғы «рекордтық» көрсеткіші 18 жылдан аспаған екен. Бұл жайында Inquisitr ақпарат көзі хабарлады. 1978 жылы Джиоти Құмардың бойына бала бітеді. 24 жасында. Дәрігерлер оған шарананың тірі қалуы екіталай екендігін айтып, бірден ескерту жасаған көрінеді. Өйткені, ұрық оның жатырынан тыс ағзада жетіле бастаған. Ота жасатудан қорыққан келіншек жекеменшік емхананың көмегіне жүгінуіне тура келген. Ауруы басылған соң, аяғы ауыр келіншек іштегі шарананың жағдайына мән беруді қояды. Тек 36 жыл өткеннен кейін бұрынғы «ауруы» қайта қозады. Сырқаты жанына батқан ол Нагпур қаласындағы Медицина ғылымдары институтына қаралады. Ақырында ота жасатуға келісімін береді. Нәтижесінде оташылар оның құрсағынан шарананың қаңқасын алып шығады. Қазіргі уақытта Джиота Құмардың денсаулығы бір қалыпты. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Мұндай жағдай белгиялық әйелдің басында да ұшырасқан, ол шетінеп кеткен шарананы 18 жыл бойы құрсағында көтеріп жүрген екен. 

1 пікір
Мұрағат