40 жыл қатарынан туу көрсеткіші төмендеп келе жатқан ел...
40 жыл қатарынан туу көрсеткіші төмендеп келе жатқан ел...
4 жыл бұрын 5087 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

1989 жылы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күншығыс елінде туу коэффициенті алғаш рет рекордтық деңгейге төмендеді - 1,57,  ол кездегі мерзімді басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары демографиялық дағдарыстың басталғанын жарыса жазып жатты. Арада табаны күректей 40 жыл өтіпті – тек кері кету: балалар қарасы жылдан жылға азайып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапонияның ішкі істер және коммуникация министрлігі жыл сайын мамыр айының 5*-і күні аталып өтетін Балалар күніне орай елдегі 15 жасқа дейінгі балалар санын жариялап отырады. Биыл бұл көрсеткіш – 14, 93 млн (ұл балалар – 7,65 млн, қыз балалар – 7,28 млн); өткен жылғымен салыстырғанда 190 000 адамға кем. Яғни, 15 жасқа дейінгі балалар саны ел тұрғындарының қарасына шаққанда 11,9% болған, өткен жылғымен салыстырғанда 0,1 пайызға кем. Бұл көрсеткіш 1975 жылдан бері 47 жыл қатарынан кеміп келеді. 1995 жылдан бері 65 және 65 жастан асқан қарттардың үлесі тұрақты түрде артып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының демографиялық жылнамасында келтірілген 2019 жылға қатысты дерекке қарағанда, Жапония ел тұрғындарының саны 40 млн адамнан асатын 33 елдің арасында балалар үлесі ең азы болып табылады. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея тұр - 12,2%, Италия - 13,3%, Германия - 13,61%.

0 пікір
Мұрағат