30 жылдан соң Түркия көміртектен ада мемлекетке айналады
|
Түркия 2053 жылға қарай атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың деңгейін нөлге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада өткен экология саласындағы ғылыми жобаларға арналған конференцияда мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Түркияның мақсаты – Париж климаттық келісімі бойынша міндеттемелерін орындау. Ол жасыл технологияларға негізделген технологиялық даму мен ғылыми әзірлемелерге назар аударады», деп мәлімдеді түрік көшбасшысы. Сонымен бірге, ол бірқатар Еуроодақ елдерін Анкараға атмосфераға бөлінетін зиянды заттар бойынша шарт қоюға тырысты, деп айыптады, алайда, мұндай талаптарды өздері орындағысы келмейтінін де назардан тыс қалдырмады. «Біз ЕО-ның тиісті заңнамалық өзгерістерді дайындап жатқанын көріп отырмыз», - деді Режеп Тайып Ердоған. Бұған дейін Режеп Тайып Ердоған жаңғыртпалы энергия көздерін дамыту бойынша Түркияның Еуропада 5-ші, әлемде 12-ші орында тұрғанын хабарлаған болатын. Түриядағы жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілетін энергия үлесі 55 пайызға жеткен. Жергілікті билік 10 жыл ішінде күн және жел энергетикасын дамытуға шамамен 1 триллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.