30 жылда аса ірі мұсылман елінің астанасы су астында қалады
30 жылда аса ірі мұсылман елінің астанасы су астында қалады
3 жыл бұрын 2147 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: yesofcorsa.com

Индонезия астанасы – Жакарта қаласы 2050 жылға қарай су астында қалуы мүмкін. Осы бастан қам жасамаса, аталған қаланың кем дегенде 25%-ы су астында қалмақ. Бұған жаһандық жылынуға байланысты, дәлірегі, ауа температурасының көтерілуіне байланысты Антарктикадағы, Гренландиядағы және Гималайдағы мұздақтардың еруінен әлемлік мұхит деңгейінің көтерілуі себеп болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалғыз Жакарта қаласы ғана емес, жағалауда орналасқан елді-мекендердің көбісі су астында қалу қаупі жоғары. Богор ауыл шаруашылық университеті (IPB University) ғалымдарының зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2019-2020 жылдар аралығында Жакарта қаласының түрлі аумағы 1,8-10,7 снатимтерге дейін су астында қалған екен.

0 пікір
Мұрағат