27 жылдан бері алғаш рет халық санағы жүргізілген ел тұрғындарының қарасы белгілі болды
27 жылдан бері алғаш рет халық санағы жүргізілген ел тұрғындарының қарасы белгілі болды
1 ай бұрын 895 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото Reuters

Иракта қарулы қақтығыстар мен соғысқа байланысты табаны күректей 27 жылдан соң алғаш рет халық санағы жүргізіліп, нәтижесі белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al-Arabiya ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халық санағы жүргізілген 1997 жылдан бері, ширек ғасырдан аса уақытта Таяң шығыстағы аталған елдің қарулы қақтығыстардан, саяси тұрақсыздықтан, экономиканың кері кетуінен, т.б. факторлардан миллиондаған адам шығын болған. Соған қарамастан Ирак халқының саны шапшаң өскен – қазіргі уақытта 45 млн 400 мың адам Иракта тұрып жатыр. Осы жолғы халық санағына қатысты сарапшылар мен билік институттары, демографтары халық саны шамамен 43 млн құрайтынын болжаған еді. Ел ббджетін де осы болжалды көрсеткішке қарай есептеп қабылдаған болатын.

0 пікір
Мұрағат