2050 жылға таяу бес млрд адам су тапшылығын сезінуі мүмкін
2050 жылға таяу бес млрд адам су тапшылығын сезінуі мүмкін
4 ай бұрын 1195 24.kz Жұлдыз Атагельдиева

2050 жылға таман әлемде 5 миллиард адам су тапшылығын сезінуі мүмкін. 2018 жылы көрсеткіш 3 жарым миллиардан асатын. Бірақ, климаттың өзгеруі салдарынан жылдан жылға жағдай қиындап барады. Оның үстіне, әлем халқы санының артуы да су жүйесіне салмақ салып отыр. Сондықтан әлем елдердің билігі, түрлі технологиядардың көмегімен тіршілік нәрінің тапшылығы мәселесін шешіп  жатыр.

Мехико жұрты жаңбыр суын пайдаланады

Мексика астанасы Мехикода суды үнемдеу шаралары жиі енгізіледі. Өйткені, тіршілік нәрі тапшы. Мысалы, былтыр қарашада жергілікті қоймалардағы cу көлемі  44 пайызға төмен болып шықты. Бұған бір жағынан қуаңшылық себеп. Сосын шаһарға келетін судың 60 пайызы жер астынан алынады. Пайдалы қазбаларды көптеп өндіру салдарынан елді мекен жыл сайын 50 сантиметрге шөгіп барады. Ал жерасты қорының қайта толуы ұзаққа созылады. Қалған су өзге жерлерден тасымалданады. Ал бұл тиімсіз. Өйткені, жеткенше 40 пайызы зая кетеді. Сондықтан мұнда жауын суын пайдалану бойынша ірі жоба іске асырылған. Ол он шақты фильтрден тазалаудан өткен тіршілік нәрін ішуге жармады етуді көздейді. Жоба аясында кейінгі 15 жылда бүкіл ел бойынша 40 мың қондырғы орнатылған. Мехико билігі оған қыруар қаржы құйған. Бірақ, соның өзінде пайдасы шамалы. Себебі ресурс жеткіліксіз. Оның үстіне қызмет көрсететін білікті маман аз. Соның кесірінен қондырғылар істен шығып, кедей аудандардың тұрғындары олардың ұсақ бөлшектерін сатып, ақша тауып жүр.

Испанияда суды тұшыту қондырғылары көп

Испания үшін де тіршілік нәрінің тапшылығы - өзекті мәселе. Оған қуаңшылық себеп. Ғасыр ортасына таман бір ғана Каталония өңіріндегі ресурстар 20 пайызға азаяды деген күдік бар. Билік бұл проблеманы суды тұщыту қондырғыларының көмегімен шешіп жүр. Елде Еуропа бойынша ең ірі станция орналасқан. Ол 2009-жылы салынған. Нысан қазір тәулігіне 180 мың текше метр су өндіреді. Сарапшылар бұл тиімді технология екенін айтады. Бірақ, көп ақшаны қажет етеді. Жалпы, Испания тіршілік нәрін тұшшыту қуаты бойынша әлемде Сауд Арабиясы, АҚШ пен Біріккен Араб Әміріктерінен кейін төртінші орында тұр. Бүкіл ел бойынша 800 тиісті қондырғы бар. Олар күніне 5 миллион текше метр суды тазартады.

Суды тұшыту саласының әлеуеті зор 

Жер бетіндегі судың 97 пайызы тұзды. Сондықтан сарапшылар тіршілік нәрінің тапшылығын тиімді шешу үшін тұщыту технологияларын кеңінен қолдану керектігін айтады. Әрине, оған қыруар қаржы керек. Бірақ технологияны жетілдіру арқылы құнын азайтуға болады. Мысалы, кейінгі 30 жылда бағасы екі есе арзандаған. 2014-2015 жылдары  алапат қуаңшылықтан Калифорния штатының ауыл шаруашылығы саласына 5 миллиард доллар шығын келген. Сарапшылар бұл ақшаға 5 жаңа тұщыландыру зауытын салуға болар еді дейді. Сол себепті, технологияны дамытуға мейлінше көп инвестиция құюға шақырады. 

 

0 пікір
Мұрағат