2050 жылға қарай әлемде инсулттан қайтыс болатындар саны 50 пайызға артады
2050 жылға қарай әлемде инсулттан қайтыс болатындар саны 50 пайызға артады
1 жыл бұрын 929 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Lancet Neurology Commission on Stroke (Инсультпен күрес жөніндегі бүкіл әлімдік ұйым) мүшелері 2050 жылға қарай инсульттен көз жұматындар қарасы күллі әлем бойынша 50 пайызға артатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet Neurology мезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар 2020-2050 жылдар аралығында инсульттан қайтыс болатындар саны 6,6 миллионнан 9,7 миллион адамға дейін артатынын болжады. Бұл ретте мүгедектікке байланысты өмір сүру ұзақтығы осы кезеңде 144,8 миллионнан 189,3 миллионға дейін артады. Ми қан айналымының бұзылуынан зардап шеккендердің жалпы саны (инсульт салдарынан мерзімінен бұрын қайтыс болған немесе одан кейін кемтар болып қалған науқастардың саны) соңғы 30 жылда екі есеге жуық өскен. Бұлардың 86 пайыздан астамы табысы төмен және орташа елдерде орын алған. 

0 пікір
Мұрағат