2050 жылға қарай адамзаттың 16%-ын 70 жастан асқандар құрайды
2050 жылға қарай адамзаттың 16%-ын 70 жастан асқандар құрайды
2 жыл бұрын 1150 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

70-90 жастағы адамдар қарасы Еуропа, Азия және АҚШ-та ең жылдам көбейіп келе жатқан топ. 1950 жылы әлем тұрғындарының тек 5%-ы ғана қарт адамдар болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 16%-ға дейін өседі. Бұл жайында islam.kz порталы осы бағытта ізденген халықаралық ғалымдар тобының аталмыш зерттеу материалы жарияланған The BMJ мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта әлемнің 204 елінен жиналған, 1990-2019 жылдар аралығындағы деректер сарапталған. Дүниежүзілік тарихта алғаш рет өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты. Орташа алғанда, осы жастан асқан адамдар екі жылға ұзағырақ өмір сүре бастады, олардың бір жарымы – аурудан ада. 1990 жылдан бері дүние жүзінде 70-79 жас аралығындағы адамдар 115,4%-ға (168,3 млн. адам), 80-94 жастағылар – 164,7%-ға (90,1 млн.), 95 жастан асқандар – 363,7%-ға (3,7 млн.) өсті. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Никита Отставнов есімді ғалымның айтуынша, қарт адамдар қарасының көбеюіне байланысты болашақта телемедицина дәуірі туады.

0 пікір
Мұрағат