2035 бала туу көрсеткіші бойынша мұсылмандар христиандарды артқа тастайды
|
Бірнеше ондаған жылдар бойы өзге наным-сенім өкілдеріне қарағанда, соның ішінде, мұсылмандар да, христиандар бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап келген болатын. Бірнеше жылдан кейін, дәлірегі, 2035 жылы бала туу көрсеткішіне байланысты мұсылман әйелдер алға шығады. Бұл мәліметті Pew зерттеу орталығы келтіріп отыр. 2010-2015 жылдар аралығында әлемдегі туған балалардың 64%-ы мұсылман немесе христиан отбасынан шыққан. 2055-2060 жылдар аралығында бұл біріккен көрсеткіш 71 пайызға жететін болады. Бұл жайында New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, 2010-2015 жылдары христиан әйелдер 223 млн баланы өмірге әкелді, яғни, мұсылмандарға қарағанда 10 млн бала көп туған. Аталмыш зерттеу орталығының дерегінше, 2030-2035 жылдары мұсылман әйелдер демографияда белсенділік танытып, 225 млн баланы дүниеге әкеледі екен. Яғни, христиандарға қарағанда 1 млн баланы көп туады. Бұған кәрі құрлықтағы христиан халықтарының қартаюы, яғни, туу көрсеткішінен өлім көрсеткішінің асып түсуі себеп болмақ.