2033 жылға дейін күллі әлемде киберсақтандыру нарығы 74 млрд долларға дейін жетеді
2033 жылға дейін күллі әлемде киберсақтандыру нарығы 74 млрд долларға дейін жетеді
5 ай бұрын 967 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2024) осынау жаһандық нарықтағы айналым 14,2 млрд долларға жетті. IMARC Services Private Limited сарапшыларының болжамы бойынша 2025-2033 жылдар аралығында жылына орташа өсу қарқыны 17,9%-ға артып, сегіз жылда 73,5 млрд долларға жетпек. Бұл жайында islam.kz порталы Insurance Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киберсақтандыру нарығының өсуіне ең алдымен киберқауіптің, интернет кеңістігіндегі қарақшылықтың, қылмыстың артуымен және түрлі саладағы деректердің қолды болу фактілері ықпал етеді. Бұдан бөлек, әр мемлекетте қабылданып жатқан мәліметтерді қорғау жөніндегі заңнаманы күшейту шаралары да өз әсерін тигізеді. Жасанды зерде технологиясының жаппай енгізіле бастауы, автоматтандыру процесінің қарқын алуы да интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерді көбейтіп, киберқауіпсіздіктің маңызын арттырып отыр.

0 пікір
Мұрағат