2033 жылға дейін ислами қаржы нарығы 7,7 трлн долларға жетеді
2033 жылға дейін ислами қаржы нарығы 7,7 трлн долларға жетеді
4 ай бұрын 579 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Allied Market Research (жаһандық нарықты зерттейтін бизнес-консалтинг, жаһандық кәсіпорындарды қоса алғанда түрлі клиенттер үшін «Нарық зерттеулері туралы есептерді» және «Бизнес-талдау шешімдерін» ұсынумен айналысады – ред.) дерегіне сәйкес 2023 жылы әлемдік ислами қаржы нарығындағы айналым 2,5 трлн долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Allied Market Research мәліметінше, енді бір сегіз жылда жаһандық ислами қаржы нарығы 7,7 трлн долларға жетпек – он жылда жылдық өсу қарқыны 12% деңгейін жоғалтпаса. Ислами қаржының өсуіне тек мұсылмандар қарасының көбейгені ғана емес немесе мұсылман еместер тарапынан ислами қаржының ерекшелігіне байланысты сұраныстың артқаны ғана емес, қолма-қол ақшасыз транзакциялар мен цифрлы банкинг те әсер еткен. Соның ішінде нақты уақыт аралығында қаражатты аударатын төлем жүйесі, жасанды зерде негізінде алаяқтарды анықтау жүйесі, тұтыну деңгейі аталмыш нарықтың ұлғаюына ықпал еткен. Бұған қоса, ислами қаржы бойынша стратегиялық маңызы зор жобаларға қатысты мәмілелер мен ислами қаржы тетіктерін реттеуге арналған нормативтік құжаттар да, активтер мен инвестицияны тартудағы сауатты саясат та осы нарықтың дамуына оң серпін беріп отыр. Дегенмен, ислами қаржы саласындағы кем-кетіктер кездеседі: стандарттау ісі әлі де ақсап жатыр.

0 пікір
Мұрағат