|
2030 жылы екпе нарығы 60 млрд доллардан асады
|
Жаһандық нарықты сараптаумен айналысатын MarketsandMarkets ұйымының болжамына сәйкес бір қолдың саусақ санына тең жылда күллі әлем бойынша екпе нарығындағы ақша айналымы 63,7 млрд долларға жетпек. Жылдық өсу қарқынын қазіргі 4,8% деңгейімен есептегенде. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сектордың ұлғаюына ең алдымен адамзаттың жұқпалы індет қатерімен бетпе-бет келу (тәжді тажал пандемиясы) тәжірибесі мен инфекциялық аурулардың алдын алудың маңыздылығы, сондай-ақ, инновацияға байланысты екпе әзірлеу процесінің жеделдеуі себеп болмақ. Бұдан бөлек, әр мемлекет тарапынан халықты түрлі инфекциялық аурулардан қорғау жөніндегі іс-шараларға жете мән беріп, арнайы бағдарлама қабылдап жатқаны да осы саланың одан арыдамуына ықпал етпек.