2030 жылға қарай Сауд Арабиясы шикізаттық емес секторға 1 триллион доллар инвестиция құяды
2030 жылға қарай Сауд Арабиясы шикізаттық емес секторға 1 триллион доллар инвестиция құяды
3 ай бұрын 613 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Санаулы жылдан соң, дәлірегі, 2030 жылға таман Сауд Арабиясының билігі экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару әрі ұлттық экономикасының стратегиялық секторын әртараптандыру үшін қыруар қаржы бөледі. Бұл деректі  Goldman Sachs (лемдегі ең ірі инвестиуиялық банктердің бірі) конгломераты келтіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған компания сарапшыларының пікірінше, бұл ауқымды шара өз кезегінде ел бюджеті кірісінің 73%-ын шикізаттық емес секторға инвестициялауға әкелетінін айтты. Таза энергетика, тау-кен өнеркәсібі және логистика осы он жылдың соңына дейін инвестицияның негізгі бағыттары болады. Goldman Sachs есебіне сәйкес жасыл энергияны (жаңғыртпалы энергия көздерін) инвестициялауға жұмсалатын шығын 235 миллиард долларға жетеді. Goldman Sachs компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка құрлығы бойынша капиталды зерттеу бөлімінің жетекшісі Фейсал әл Азме: «Сауд Арабиясы энергетика министрлігінің директивасына сәйкес мұнай секторындағы күрделі шығындар азаятынын, өйткені, 2024 жылдан 2028 жылға дейінгі кезеңде 40 миллиард  долларға өсетінін» мәлімдеді. «Дегенмен, бұл елдегі табиғи газдың мол қоры «елді көміртектен ада ету, экономиканы дамыту және әртараптандыруда маңызын жоймайтынын» атап өтті. Goldman Sachs сарапшысы Сауд Арабиясының мұнай мен газды барлауға және өндіруге құйылатын инвестиция мөлшері 190-220 миллиард доллардан аспауы мүмкін екенін де тілге тиек етті. Аталған араб еліндегі жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу процесіне келетін болсақ, Goldman Sachs Research компаниясының 2024 жылдың маусым айындағы дерегі бойынша күніне 16,7 ГВт жел қуатына қосымша елде көп ұзамай күніне11 ГВт жел қуаты өндірлетінін анықтады. Сауд Арабиясы үкіметі 2030 жылға дейін күн энергиясын өндіруді 58,7 ГВт-тан 100-130 ГВт-қа дейін көтерді. Goldman Sachs Research өкілі бұл елдің ірі инвестициялық жоспарына қатысты пікірін білдіре келе: «Ел бюджетінің тапшылығы биылғы жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда былтырғы 2%-дан 4,3%-ға дейін артады. Тапшылықтың шамамен 2,6 пайыздық тармағы шығынның ұлғаюымен, ал қалғаны мұнайдан түсетін түсімдердің төмендеуіне байланысты» екенін жеткізді. Бұл тапшылық өз кезегінде саудиялықтардың инвестициялық әлеуетіне кері әсерін тигізетінін де ұмыт қалдырмады. Сондықтан саудиялықтардың бұл тараптағы жоспары өзгеруі де мүмкін. 2024 жылдың мамыр айындағы Сауд Арабиясының мәліметі елдің өтімділікпен байланысты ахуалы күрделі күйінде қалып отырғанын, несие мөлшері депозиттерден асып түсетінін көрсеткен. Күрделі жобаларды қаржыландыруға жетпейтін 25 миллиард долларды құрайтын жылдық тапшылығын жабу үшін Сауд Арабиясы қаржыландырудың балама көздеріне жүгінуге мәжбүр болады. 

0 пікір
Мұрағат