|
2023 жылы жаһандық мәмілелердің жалпы құны соңғы 10 жылда алғаш рет 3 триллион долларға жетпеді
|
Биыл күллі әлем бойынша шамамен 2,9 трлн долларға мәміле жасалған. Бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 17%-ға кем. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Лондонның қор биржасының дерегіне жүгінген Financial Times ақпарат көзіне жөн сілтеген Forbes.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі жыл қатарынан жарияланған мәмілелердің құны 2008–2009 жылдардан бері алғаш рет 10%-дан астамға төмендеген. Мәміле құны Еуропада ең күрт төмендеп, бір жыл ішінде 28%-ға құлдыраған. Ал Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде бұл көрсеткіш 25%-ға азайған. Америка Құрама Штаттары мәмілелер құны 6% төмендеген. Бұған екі ірі энергетикалық мәміле ықпал етті: қазан айында ExxonMobil тақтатас мұнай өндірушісі Pioneer Natural Resources-ті 59,5 миллиард долларға сатып алуға келісті, ал Chevron мұнай өндіруші Hess Corporation компаниясының барлық орналастырылған акцияларын 53 миллиард долларға сатып алу туралы келісімге отырды. Мәміле құнының төмендеуі нәтижесінде жаһандық инвестициялық банктік комиссиялар бір жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 8%-ға төмендеп, 105 млрд долларды құрады. Әлемдік қаржы нарығындағы бұл үрдіске ең алдымен геосаяси ахуал ықпал еткенін алға тартады сарапшылар.