2021 жылы бір миллион жұмыссыз жас пайда болады
2021 жылы бір миллион жұмыссыз жас пайда болады
6 жыл бұрын 2990 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық еңбек ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, жылдан жылға жұмыссыздық проблемасы қордалана түседі. Бұған адамзат санының өсуі мен өндіріс орындарының роботтандырылуы басты себеп болмақ. Сондай-ақ, аталмыш ұйым өкілдерінің айтуынша, жұмыссыздық әлемнің барлық елдерінде күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналады, әсіресе, Африка құрлығы мен Таяу Шығыс аймағында жастар арасында жұмыссыздық белең алады. Бұл әлеуметтік құбылыс өз кезегінде кез елдің дамуына кері әсерін тигізіп қоймай, жұмыссыз босқындар легінің пайда болуына алып келмек. Жұмыссыз босқындар негізінен халқы қартайып бара жатқан Еуропаға ағылады. Енді бірер жылдан соң, дәлірегі, 2021 жылы әлем бойынша жұмыссыз жастар қарасы бір миллионнан асады. Өткен жылы әлемдегі жұмыссыздар қарасы 192,7 млн адамға жеткен. Биыл бұл көрсеткіш 193,6 млн адамға жетпек. Қазіргі уақытта әлемдегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 13 пайызды құрап отыр. Жаһандық проблемаға айналған жұмыссыздық Африка құрылығының солтүстігіндегі жастар арасындағы 30 пайызға шырқап кеткен. 

0 пікір
Мұрағат