|
2020 жылы стихиялық апаттан болған шығын рекордтық деңгейге жетті
|
Өткен жылы, яғни, 2020 жылы стихиялық апаттан адамзат 150 млрд доллар шығын көрген. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзаттың қолымен жасалған (жаһандық жылынудан орын алған климат өзгерісінің салдыран болатын тасқын мен селден, құрғақшылық пен аңызақтан, зілзаладан, т.б.) табиғи дүлей апаттан өткен жылы 3,5 мың адам опат болған әрі 13,5 млн-нан аса адам бас сауғалап, босып кеткен. Әсіресе, Атлант мұхиты жағалауындағы аудандарда 2020 жылы дүлей дауылдан кем дегенде 400 адам қаза тапқан, ал Атланттық дауылдан экономикалық шығын 41 млрд долларға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)