2018 жылы ислам қаржы нарығындағы қаржы айналымы 3 трлн долларға жетеді
2018 жылы ислам қаржы нарығындағы қаржы айналымы 3 трлн долларға жетеді
9 жыл бұрын 2813

Бүгінгі таңда 2 трлн долларға бағаланып отырған ислам қаржы нарығындағы қаржы айналымы 2018 жылы кем дегенде 3 трлн долларға жетеді. «Ajmal Perfumes» қаржы компаниясының директоры Сахитьи Чатурведидің айтуынша, ислами қаржы жалпы қаржы нарығының шамамен 1%-на жеткен. Десе де ислами капитал нарығы сукуктың (ислам облигациясы) есебінен жылдам артатын болады – жылына 21%-ға. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіндегі ислами қаржы саласында жанданып келе жатқан кешенді іс-шаралар нәтижесінде орта мерзімде ислами қаржы секторының жылдық айналымы 10 трлн доллардан асып жығылатын болады. «Ислам қаржысы – шапшаң дамып келе жатқан индустрия. Бұл салаға батыс елдері де мүдделілік танытып отыр, өйткені, ислами қаржы саласы батыс банкингіне ұқсас қызметтер көрсетеді. Мысалы, ислами лизинг, ислами инвестициялық қор және ислам облигациясы»,- деді сарапшы.

0 пікір
Мұрағат