2018 жылғы ең кедей ел анықталды
2018 жылғы ең кедей ел анықталды
6 жыл бұрын 5094 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

 Биылғы ең кедей ел ретінде Оңтүстік Африка Республикасы аталып отыр. Бірден айта кету керек, аталған елдің экономикалық әлеуеті мен табиғи ресурсы Африка құрлығындағы елдерді былай қойғанда Азия мен Шығыс еуропа және Оңтүстік Америка елдерінен әлдеқайда жоғары. Соған қарамастан әлемдегі ең кедей ел атанды. Бұған не себеп? Қарулы қақтығыс пен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық. Соғыс пен коррупция - аталмыш елдің ең басты проблемасы. Бұдан бөлек, түрлі індет пен инфекциялық аурулар қарулы қақтығыспен бірге халықтың санын азайтуда. Жылдан жылға. Халқының саны 5 млн адамды құрайды. Алайда, өмір сүру ұзақтығы, былайша айтқанда, ел тұрғындарының ғұмыры қысқа - ер-азаматтар 48 жастан аспайды, ал әйелдер - 51. Мақта, алмас, кофе - аталған елдің экспортқа шығаратын өнімдері. Бұл өнімдер дамыған елдерге экспортталады. Халқының дені, яғни, шамамен 60% аталған елдің шалғай аудандарында тұрады. Ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің жартысын құрап отыр. Алмас өндірісі - 40%, орман материалдары шамамен 16%. Инфрақұрылымы сын көтермейтін аталған елде, сондай-ақ, білікті маманға зәру. Жер көлемі 623 мың шаршы шақырымды құрайтын елде ұлттық табыс әділ бөлінбеген. Конгомен, Чадпен, Суданмен, Камерунмен шекарасы шектескен аталмыш елдің оңтүстігінде жүгері, күріш өсіріледі. Дәрі-дәрмекті, тоқыма өнімдерін, мұнай өнімдерін, т.б. сырттан алдырады, яғни, импорттайды: Оңтүстік Кореядан, Франциядан, Мароккадан, АҚШ-тан, Камеруннан, т.б. Жан басына шаққандағы табыс 542 доллардан аспайды. Ал халықаралық валюта қорының есебінше бұл көрсеткіш 656 долларды құрайды. 

0 пікір
Мұрағат