2017 жылы табиғи апат салдарынан адамзатқа 314 млрд доллар шығын келді
2017 жылы табиғи апат салдарынан адамзатқа 314 млрд доллар шығын келді
7 жыл бұрын 5986

Лувен католиктер университетінің зерттеушілері оқыған баяндамада 2017 жылы болған табиғи апаттардың көптеген мемлекет экономикасына кері әсерін тигізгені туралы айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап. 

Су тасқыны, дауыл және өзге де табиғи апаттар 9 503 адамның өмірін жалмады. CRED мәліметі бойынша, бұл жылдық орташа есеппен 68 мың адамға аз. 2010 жылы Гаитиде болған жер сілкінісі салдарынан 225,5 мың адам қаза тапты. Ал 2008 жылы Мьянмада болған «Наргис» ауа құйыны 138,4 мың адамның өмірін жалмады.

2017 жылы табиғи апаттар бәрінен көп Азия құрлығында болды. Бұл көрсеткіш әлемдегі табиғи апаттардың 43%-ын құрайды. Қытайда олардың 25-інен 15 млн адам қаза тапты. Үндістанда 15 табиғи апат салдарынан 2,3 мың адам қаза тауып, 22,5 млн адам зардап шекті.

2017 жылы ірі табиғи апаттар болды десек те, 1900 жылы бұдан да көп адам қайтыс болған. 318 апат салдарынан жалпы 96 млн адам зардап шеккен. Зерттеушілер адамзатты үлкен шығынға батырған үш дауылды атады – «Харви», «Ирма» және «Мария».

2017 жылдың тамыз және қыркүйек айларында олар Кариб бассейні арқылы АҚШ жағалауына дейін жеткен болатын. Бұл дауылдар 96 млрд, 66 млрд және 69 млрд көлемінде шығын келтірді. Жалпы 2017 жылы болған табиғи апаттар адамзатты 314 млрд доллар көлемінде шығынға батырды. 

0 пікір
Мұрағат