2016-2017 жылдары әлемдегі жұмыссыздар саны 200 млн. жуық адамды құрайды
|
2016 және 2017 жылдары әлемде жұмыссыз адамдар санының өсуі жалғасып, 200 млн. жуық адамды құрайды.
Мұндай болжам Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) сейсенбі күні кешке Женевада жұмыспен қамту саласындағы беталыстар туралы баяндамасында жарияланған.
Құжатта 2015 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,1 пайызды құрағаны атап өтілген, бұл бір жыл бұрын жасалған болжамнан 0,5 пайызға кем. «Экономиканың мұндай әлсіреуі» «жұмыссыздық өсімінің жалғасуына» соқтырып, 197,1 млн. адамға жеткен.
«Соңғы болжамдарға сәйкес, әлемде 2016 жылы 2,3 млн. адам жұмыссыз қалса, 2017 жылы 1,1 млн. адамды құрайды, яғни жұмыссыздық өсімі сәйкесінше 199,4 млн. және 200,5 млн. адамға жетпек», деп атап өткен сарапшылар.
ХЕҰ-да оның басты себептері ретінде экономикасы дамып жатқан елдерде экономикалық өсім қарқынының бәсеңдеуін атап отыр, деп жазады tass.ru.