20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген...
20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген...
12 сағат бұрын 100 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сингапур парламенті электронды сигареттеермен байланысты құқық бұзғандарға жазаны қатайтуды көздейтін темекі өнімдері мен вапорайзерге бақылауды күшейту туралы жаңа заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрынғы темекі өнімдерін жарнамалау мен сатуды бақылау туралы заңның және осы заңға қатысты басқа да нормативтік актілердің негізінде өзгертілген заң вейпинг пен оған қатысты тауарларға қарсы қатаң бақылау шараларын қолданысқа енгізеді. Жаңа ереже талаптарына сәйкес контрабандаға немесе Kpods - анестетик этмидатпен араласқан вейп-құрылғыларды жеткізуге қатысы бар ересектер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 15 мәрте дүре соғылуы мүмкін. Kpod-қа ие болса да кәмелетке толмағандарға оны пайдалануға тыйым салмаған ересектер 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Клубтар мен барлар сияқты ойын-сауық орындары клиенттерінен электронды сигареттерді пайдалануға тыйым салуды талап етуге міндетті. Мұндай көңіл көтеру мекемелері, сондай-ақ, талаптарды орындамағандарды ішке кіргізбеуі тиіс немесе шығарып жіберуге құқылы. Вейпингпен байланысты құқық бұзғандарға жазалау шаралары айтарлықтай қатаңдатылды. Вейпингпен көзге түскендерге салынатын айыппұл мөлшері бес есеге, сатушылар үшін 20 есеге, ал контрабандашылар үшін 30 есеге ұлғайды. Нәтижесінде пайдаланушылар 10 000 сингапур долларына дейін (7 800 АҚШ долларынан астам) айыппұлға “арқалуы” мүмкін, ал сатушыларға 200 000 сингапур долларына дейін айыппұл салынып, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Контрабандашыларға 300 000 сингапур долларына дейін айыппұл салынып, тоғыз жылға дейін қамауға алынуы мүмкін. Бұған дейін вейптерді пайдаланушыларға 2000 сингапур доллары мөлшерінде айыппұл салынып келген еді, ал дистрибьюторлар, импорттаушылар мен вейп-өнімдерді сатушылар алты айға дейін түрмеге қамалып, 10 000 сингапур долларына дейін айыппұл салынатын. Вейпингті пайдалануға, елге әкелуге, өндіруге, сатуға, тиасымалдауға, сақтауға Сингапурде 2018 жылы тыйым салынған. Десе де әлі күнге дейін вейпингті қолданатындар көптеп кездеседі. Тіпті, вейпингтің кесірінен, соның ішінде Kpods-ты пайдаланудан ес-түсінен айырылып, қалтырап-дірілдеп, басқа да психотикалық әсерінен зардап шеккендер кездесіп жатады. Таяуда Сингапур билігі жаңа заң күшіне енуі үшін этмидатты бақыланатын С класты дәрі ретінде сәуір айының аяғына дейін ұзартты. Заңнама, сондай-ақ, этомидат пен ұқсас заттарды ерекше психобелсенді заттардың (SPS) жаңа санатына жатқызады. Осы заттарға байланысты құқық бұзатын әрекеттерімен көзге түскендер есірткі туралы қолданыстағы заңдарда көзделген жауапкершілікке ұқсас жазаланатын болады.

0 пікір
Мұрағат