20 жыл ішінде 65 мыңнан аса ағза қондыру отасын жасаған ел
20 жыл ішінде 65 мыңнан аса ағза қондыру отасын жасаған ел
5 жыл бұрын 2577 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран дәрігерлері 2000 ылдан бері 65 мыңнан аса ағза трансплантациялау операциясын жасап, аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің бұл тараптағы шығынын сегіз есеге дейін азайтуға қол жеткізді. «Мидың толық өлгендігін растайтын диагноз негізінде өлді деп танылған адамның ағзаларын трансплантациялау – ислам революциясы жетістіктерінің бірі»,- деп мәлімдеді ранның ағза донорлығы қауымдастығының директорлары кеңесінің жетекшісі Өмід Гобади. Оның айтуынша, 1989 жылға дейін ирандық пациенттер Ұлыбританияда мұндай ота үшін қалтасынан 40 мың фунтқа дейін санап беруіне тура келетін. Медицинасы мен технологиясы ең озық деген елдердің өзінде мұндай ота жасатқан ирандықтардың шамамен 95%-ы бақилық болатын. Операция кезінде немесе отадан кейін оңалмай көз жұматын.

0 пікір
Мұрағат