17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған
17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған
4 жыл бұрын 4077 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Айналдырған аз уақыттың ішінде, яғни, 2002-2019 жылдар аралығында адамзаттың кесірінен әрі климат өзгерісінің салдарынан 600 мың шаршы шақырым аумақты алатын орман жойылған, яғни, көлемі Франция аумағындай болатын жердегі орман жойылған. Бұл жайында islam.kz порталы tjournal.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үкіметтік емес Rainforest Foundation Norway ұйымының жүргізген зерттеу нәтижесіне үңілсеңіз, негізінен Оңтүстік Америка құрлығындағы Амазон өзені мен онымен шектесіп жатқан тропикалық орман көп зардап шеккен. Тропикалық орманның жойылу көрсеткіші бойынша аталған аймақ алға шыққан.и Экологтардың есебінше, әр алты секунд сайын бір футбол алаңындай аумақта орман жойылып отырған. Ал екінші орыннан көрінген оңтүстік-шығыс Азиядағы орманның жойылу факторына тоқталсақ, күллі әлем бойынша тропикалық орман-тоғайдың 15 пайызы оңтүстік-шығыс Азия аймағында өсетіндіктен бұл өңірде халықтың тығыз орналасуына байланысты жабайы табиғат ортасы жылдан жылға тарылып келеді, адамдардың қолынан оталған орман алқаптары жайылымға немесе егістікке айналдырылады. Бұдан бөлек, әлемде ең пальма майын өндіру бойынша көш бастаған Индонезия аумағындағы тропикалық орман-тоғай пальма майын алу үшін аяусыз оталып жатқанын айта кету керек. Үшінші орында - Орталық Африка тұр: Конго өзенінің бойындағы тропикалық орман да ауыл және орман шаруашылығы үшін аяусыз оталып жатыр.

0 пікір
Мұрағат