16 жастағы бозбала тұтас бір халықтың қаһарманына айналды
16 жастағы бозбала тұтас бір халықтың қаһарманына айналды
7 жыл бұрын 8757 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

16 жастағы паелстиналық бозбала израилдік әскерилердің қорқау бет-бейнесін ашып берген қаһарман тұлғаға айналды. Мектеп оқушысының көзін байлап, күштеп әкетіп бара жатқан, басынан бақайшағына дейін мұздай қаруланған израилдік сарбаздардың саны 20-дан асады. Әлеуметтік желіде наразылық пен айыптауға ұшыраған бұл фото-сурет әлемді шарлап кетті. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар атаратты. Бозбаланы АҚШ билігі Иерусалимді Израилдің астанасы деп танығаннан кейін Иордан өзенінің батыс жағалауында, Шығыс Құдыста және Газа секторында бұрқ ете қалған наразылық шеруі кезінде тұтқындаған екен. Тұтас  бір ұлттың күрес символына, ерлігін танытатын қаһармандық бейнесіне айналған бозбаланың есімі - Фаузи әл-Жунайди. Ол палестиналықтардың наразылық шеруін таратуға келген израилдік сарбаздарға тас лақтырған. Сот мәжілісінде бозбаланың қорғаушысы Фараһ Бадаисидің айтуынша, Фаузиді израилдік әскерилер мылтықтың дүмімен ұрған. Қорғаушының сөзін бозбаланың кеудесінде, мойнында, арқасында көгерген іздер растап тұр. Израилдік әскерилер бірнеше күннен бері толастамаған палестиналықтардың наразылық шеруін тарату үшін бала демей, әйел демей, кәрі демей, жаппай тұтқындап жатыр. Жарақат алғандары қаншама. 

0 пікір
Мұрағат