16 жасқа толмаған балаларға смартфон сатуға тыйым салынуы мүмкін
16 жасқа толмаған балаларға смартфон сатуға тыйым салынуы мүмкін
8 ай бұрын 887 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы жасөспірімдер (ең алдымен смартфон иелері) арасындағы цифрлық тәуелділік жұқпалы індет секілді кең ауқымда таралуда, дәлірегі, эпидемиялық сипат алып келеді. Ата-аналар мен мұғалімдер билікті ағылшын мектептеріндегі оқушылардың смартфон пайдалануына шектеулер енгізуді талап етіп, дабыл қағуда. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақпан айындағы британдық мектептерге арналған нұсқаулықта смартфонды мектеп қабырғасында пайдалануға тыйым салуды, соның ішінде оқушылардан үйде қалдыруды немесе сыныптағы арнайы шкафта сақтай тұруды талап етілген. Бұл тарапта арнайы жүргізілген сауалнамаға қатысқан 2500-ге тарта ата-аналардың 60%-ға жуығы 16 жасқа толмаған балалар үшін смартфонға тыйым салуды қолдайды, бес ата-ананың төртеуі гаджетті балаларына зиянды, деп біледі және 64%-ы мектеп қабырғасында смартфонды пайдалануға мүлдем тыйым салуды құптаған. Тек 20 пайызы ғана мұндай тыйымға қарсы болған. Қазіргі уақытта аталған елде балалардың 97%-ы 12 жасқа жетпей жатып смартфонға ие болады екен.

0 пікір
Мұрағат