16 жасқа дейінгі жасөпірімдерге әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынайын деп жатыр
16 жасқа дейінгі жасөпірімдерге әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынайын деп жатыр
2 ай бұрын 543 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия билігі әлеуметтік желілер мен басқа да цифрлық платформаларға қол жеткізудің ең төменгі жасын белгілейтін заңнаманы дайындауда. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Австралия үкіметінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген  Variety (https://variety.com/2024/digital/news/australia-ban-children-social-media-1236139196/) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің премьер-министрі Ентон Әлбанез әлеуметтік желілердің балаларды достарынан айырып, өмірлік сабақ алуға кедергі келтіретінін мәлімдеді. Австралияның министрлер кабинеті оңтайлы жас шегін анықтаудың түрлі жүйелерін сынақтан өткізуде. Нақты жасы әлі анықталған немесе белгіленген жоқ, алайда, 14 пен 16 жас аралығы талқылануда. Ал премьер-министрдің өзі ең төменгі жасты 16 деп белгілеуді қолдайтынын білдірді. Ал байланыс министрі Мишел Роуланд өз кезегінде ірі технологиялық компаниялардың бұл тараптағы жауапкершілігін еске тағы бір мәрте салып өтті: онлайн режимде қызмет көрсететін орталықтар мен платформалар пайдаланушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат