16 айлық сәбидің өңешінен "Спанч Боб" табылды
16 айлық сәбидің өңешінен "Спанч Боб" табылды
9 жыл бұрын 3796

Жидда (Сауд Арабиясы) университеттік ауруханасының дәрігерлері 16 айлық ер баланың өңешінен Боб сусорғышы формасындағы салпыншақ тапты.

lenta.ru ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл туралы Radiopaedia.org радиологтардың жиынында айтылды.

Дәрігерлер нәрестенің өңешін рентгенге түсірді. Алғашқы суретте олар жіңішке затты байқаған. Ақ халаттылар алғашында оны түйреуіш немесе шаш қыстырғаш деп ойлаған.

Алайда, кейінірек рентген суретін үлкейткенде оның салпыншақ екені белгілі болды.

"Мен екінші рет жасалған суретті көріп, таң қалдым. Боб сусорғышының секпілдері, оның аяқ киімі мен саусақтары айқын көрініп тұр еді", - дейді дәрігер Хофран Агили (Ghofran Ageely).

Дәрігерлер баланың өңешінде тұрып қалған салпыншақты алып тастады. Кейін белгілі болғандай, салпыншақ баланың үлкен әпкесіне тиесілі екен.

 

0 пікір
Мұрағат