14 млрд баррел мұнай қоры бар бола тұра кен орнын игеруге рұқсат бермеді. Неге
|
Француздардың әлемге әйгілі Total компаниясына бразиялалықтар әлемдегі ең ірі Амазонка өзенінің сағасын бұрғылау жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермей отыр. Өйткені, алатмыш компанияның аса мол мұнай қоры бар кен орнын қоршаған ортаға зиян келтірмей игеруге қауқарсыз болып шықты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Амазонка әлемдегі тұнығы лайланбаған тұмса табиғаттың саф күйінде сақталған ең шұрайлы өлкесі болып саналады. 2016 жылы белгілі болған Амазонка сағасындағы кен орнына енді әлемдік алпауыт компаниялар "ауыз салуға" асығып отыр. Ең алдымен бас пайдасын ойлайтын компания аталған кен орнын игеруге барынша құлшынып отыр. Экологтар жер бетіндегі теңдесі жоқ корралдық рифке қауіп төнетінін алға тартып, дабыл қағып отыр. Ол ол ма, тек бразилиялықтар ғана емес, Франциядағы Greenpeace табиғатты қорғау ұйымының белсенділері Total-дың аталмыш кен орнын игеру жоспарына қарсы наразылық білдіріп жатыр. Амазонка сағасынан табылған мұнай кен орнында 14 млрд мұнай баррелі жатыр.