14 жастағы ұл бала мен 10 жастағы қыздың үйлену тойы ғаламторды дүр сілкіндірді
14 жастағы ұл бала мен 10 жастағы қыздың үйлену тойы ғаламторды дүр сілкіндірді
9 жыл бұрын 8281

Естімеген елде көп, Иранда өткен 14 жастағы ұл бала мен 10 жастағы қыздың үйлену тойы ғаламторды дүр сілкіндірді. Бұл жайында «әл-Арабия» телекомпаниясы хабар таратты. Дәлірегі, кәмелет жасына толмағандардың үйлену тойы кезіндегі фото-суреттері ғаламторға орналастырылған. Балаларлдың үйлену тойы үстіміздегі жылдың тамыз айының 14-і күні өткен. Жергілікті заң балаларға үйленуге тыйым салса да олардың ата-аналары ебін тауып, билік орындарынан рұқсат алған екен. Балалардың үйлену тойын өткізуге.

Айта кетейік, Иран Ислам Рспубликасында заң бойынша қыз бала тек 13 жасынан бастап, оның өзінде әкесінің рұқсатымен тұрмысқа шыға алады. Ал ұл балаға 15 жасынан шаңырақ көтеруіне рұқсат етілген. Аталған заңға қарамастан 2010 жылдан бері 10-14 жас шамасындағы 42 мыңдай бала неке қидырған.  

1 пікір
  • Мұны азғындық дейміз бе, табиғи қажеттілік дейміз бе, тек моралдық ғана емес, сонымен қатар, физиологиялық, психологиялық мәселе ретінде қарастыруымыз керек шығар
    9 жыл бұрын
Мұрағат