13 жасында тұтқындалған жасөспірім өлім жазасына кесілуі мүмкін
13 жасында тұтқындалған жасөспірім өлім жазасына кесілуі мүмкін
5 жыл бұрын 3205 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияда 18 жастағы Мұртажа Курейриске (Murtaja Qureiris) өлім жазасына кесілу қаупі төніп тұр. 2011 жылы күллі араб әлемін шарпыған "Араб көктемі" деп аталатын режимге қарсы наразылық шеруге шыққаны үшін. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Он жасында ол 30-дан аса құрдастарынан тұратын топты басқарып, шеруге қатысқан. Оны 2013 жылы тұтқындады. Бұл кезде жасы 13-ке толған болатын. Саудиялық билік жасөспірімді лаңкестік әрекетке барды деп айыптап отыр. Мұртажа Курейрис ешкімді өлтірген жоқ, прокурордың айтуынша, оны өлім жазасына кесілуіне бүлік шsғfрғаны жетіп жатыр. Аталмыш елде бүлік шығару ең ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылады. Ол бес жыл абақтыда қамауда болды. Жасөспірім өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарумен келеді. Бұдан бөлек, оның әкесі мен бауырының да қолдарына кісен салынып, темір тордың арғы жағына тоғытылған болатын. Сөз орайы келгенде тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейік, тарихта "Араб көктемі" деген атпен қалған, күллі Солтүстік Африка мен Таяу Шығысты шарпыған 2011 жылғы дүрбелеңде Тунисте, Мысырда, Йеменде мемлекеттік төңкеріс орын алып, Либияда және Шам жерінде азаматтық соғысқа ұласқан болатын. Десе де "араб көктемінің" нәтижесінде Саудия монархы либерал сүнниттердің талабына құлақ асып, саяси ымыраға келген болатын. Бұдан бөлек, 2013 жылдан бастап әйелдерге сайлауға қатысу құқығы берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік шығындар артты. 

0 пікір
Мұрағат